Маңмаңгер кекілің күлте, жалың майда, Байлаған сені сылап қалқатай да. Маңмаңгер кекілің күлте, жалың майда, Байлаған сені сылап қалқатай да. Жүресің желмаядай жануарым, Көрейін қызығыңды осындайда. Қайырмасы: Ахау, туған елім, Балаң едім. Өзіңе осынау әнді, Ала келдім. Маңмаңгер, ән қосайын жүрісіңе, Дер екен қалқа қалай келісіме. Сыдыртып, маңмаңгермен келе жатып, Осынау ән күйіндіріп түсті есіме. Қайырмасы: Ахау, туған елім, Балаң едім. Өзіңе осынау әнді, Ала келдім. Маңмаңгер, кекілің күлте, жалың майда, Бал татыр қант қосса қағаз шайға. Кісіден анау-мынау жалтару жоқ, Ақ көйлек, дүрия бешпент сәулем қайда. Қайырмасы: Ахау, туған елім, Балаң едім. Өзіңе осынау әнді, Ала келдім.
Вам также может понравиться
Нұрланып, қайтадан таң атты, Сөнді іште жұмбақтар.
00